Facebook VK YouTube Instagram
Kaysar football club

"ҚАЙСАР" ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГКЕ ЕНЕДІ

   Жалғас САДЫҚБАЕВ, "Қайсар" командасының заңгері:

"ҚАЙСАР" ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГКЕ ЕНЕДІ


Биыл Қызылорда футболы үшін сәтті жыл. "Қайсар" командасының Ел кубогын жеңіп алуына орай келер жылы Сыр елі тұңғыш рет Еуропа лигасын өткізеді. "Қайсардың" толағай табысқа жетуіне тек алаңдағы ойыншылар ғана себепкер дей алмаймыз. Ішкі қызметкерлердің үлесі зор. Ендеше команданың заңгері Жалғас Садықбаевпен дидарласып, футбол әлемінің заңдылығын сұраған едік. 

– Жәке, көпшілік сізді құқық саласының бірнеше сатысынан өткен тəжірибелі маман ретінде таниды. "Қайсар" футбол командасына жолыңыз қалай түсті? 

– Әңгімені әріден бастайын. Мектепте оқып жүргеннен әскери адамдармен жүздесіп, әңгімелескенді жақсы көрдім. 10 сыныптан басталатын алғашқы әскери дайындық сабағында белсенді болып, заң саласына бейімделдік. Мұны үйдегі ата-анамда құптап, Қазақ гуманитарлық заң университетіне оқуға түсірді. Осылайша бала арман 2006 жылы орындалып, ішкі істер басқармасына жұмысқа қабылдандым. Бұл салада ыстық пен суықты қатар көріп, тәжірибе жинақтадық. 2018 жылы әріптестер арасында "Қайсар" футбол командасына заңгер қажет екен деген жаңалықты құлағым шалып қалды. "Жалғас сонда барып көрсеңші" деген әріптестерден ұсыныс түсті. Стадионнан "Қайсардың" ойынын тамашалап, жанкүйер болғанымыз болмаса, ол жақта жұмыс істеу ойда жоқ еді. Ойлана келе, қызметтік мансабымды жаңарту үшін командаға келіп, қызмет ете бастадым. 

– Спорт саласына заң мамандары қаншалықты қажет?

– Ұлттық сананы патриотизмге тәрбиелеуде спорт саласының алатын орны елеулі екенін ескерсек, дәл осы бағытта заңның да алар орны ерекше. Әсіресе футболға заңгердің қажеттілігі жоғары. Өйткені халықаралық деңгейде келісім шарттар жүргізіледі. Отандық командалар Қазақстан футбол федерацияның құрамына енетін болғандықтан ФИФА-мен ара қатынасты үзбей, реттеп отыруы тиіс. Бұл жұмыста заңгердің білігтілігі талқыға түседі. Жалпы спорттың барлық түріне заң саласының мамандары аса қажет. 

– Бүгінде ФИФА-ның айналасында арыз шағымдар көбейді. Мұнымен футболда әділетсіздіктер орын алды деуге келеді ме?

– Арыз шағымдардың көбейгеніне қарап, әділетсіздікті сөз етуге болмайды. Өйткені арыздың дені екі тараптың яғни жұмыс беруші мен жұмыс атқарушы арасында келіспеушіліктен туындайды. Жалпы футбол әлем сүйсінетін спорт болғандықтан көбінің назары ауады. Жақсымен қатар жаман нәрсенің де жүретіні белігілі ғой. Сондықтан ФИФА-ның маңайындағы мәселелерді қызметтің айналсындағы кикілжіңмен байланыстырғанымыз жөн. 

– Шыны керек, БАҚ құралдарын ашып қарасақ отандық футболшылардың жан-айқайын кезіктіреміз. Бірнеше ай бойы  еңбекақысын ала алмай, шағым көрсетіп жүргендер бар. Мұндай мәселе "Қайсарда" кезікті ме? 

– "Қайсарда" жалақы мәселесі мүлде орын алған жоқ. Футболшыларға уақытылы еңбекақысы аударылады. Яғни клубта қаржылық мәселе жоқ. Ол үшін аймақ басшысы Қуанышбек Досмайылұлы мен дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Азатұлына алғыс айтқаным абзал. Негізінде премьер лигадағы көп командаларда да мұндай мәселе жоқ деп ойлаймын. Өйткені "Ақтөбенің" жағдайы барлығына сабақ болды. Қазір әлемдегі футболдың барлығы ФИФА-ның назарында. ФИФА мен УЕФА жіберген қателікті кешірмейді.

– Әлемдік футболда медиацияның ықпалы бар деп ойлайсыз ба?

– Бітімгерлік қазақ халқы үшін таңсық дүние емес екен белгілі. Өйткені дауды бітімгершілік жолмен шешкен ел ақсақалдары халқымыздың бірлігін сақтаған. Әлемдік көзқараспен қарасақ, медиация біздің елде жақсы дамығанын аңғаруымызға болады. Мұндай жағдай бірте-бірте әлемдік футболға да келе жатыр. Еуропадағы футболшылар арасындағы дау-дамайлардың кейбірі адвокатсыз ақ шешімін тауып, бітімгершілікке келді. Мысалы, төрткүл дүние көз тіккен "Реал" мен "Барсаның" арасындағы кикілжіңдердің оң шешімін тапқанын айтуға болады. Жалпы футболда медиацияның ықпалы жоғары деп айта алмаймын.

– Футболшылармен келісім шарт жасауда ойыншының қабілетіне қарайтыны белгілі. Ал заң тұрғысында нендей нәрсені негізге аласыздар?

– Футболшының қарым қабілетіне қарайтынымыз бесенеден белгілі ғой. Егерде бапкер таңдаған аяқдопшымен келім-шартқа отыратын кезде оның кәсіби біліктілігін анықтайтын құжатты, бұрын соңды қай командаларда ойнағанын растайтын куәлікті сонымен қатар ең бірінші қай клубтың түлегі екенін қараймыз. Өйткені ФИФА-ның талабына сәйкес футболшыны түлеткен футбол мектебі жаңа командадан ортақ салық алуға құқылы. Осы ескертпелерді негізге ала отырып, футболшымен келісім шарт жасаймыз. 


Новости 13 декабрь 2019 г. 831

Следующий матч

00-00-2020 00-00
Кызылорда
Первая команда Вторая команда
"Кайсар" – "Тараз"

Турнирная таблица

  • «Кайсар»
  • «Байконур»
  • «Кайсар U-21»
Команды
И
М
О
  • 1
    ФК «Кайрат»
    4
    10-2
    9
  • 2
    ФК «Астана»
    3
    8-3
    7
  • 3
    ФК «Тобол»
    3
    5-1
    7
  • 4
    ФК «Шахтер»
    3
    3-3
    6
  • 5
    ФК "Кайсар"
    2
    2-1
    4
  • 6
    ФК «Тараз»
    3
    5-5
    4
  • 7
    ФК «Ордабасы»
    4
    4-5
    4
  • 8
    ФК «Жетысу»
    3
    2-3
    4
  • 9
    ФК «Кызылжар СК»
    2
    3-5
    3
  • 10
    ФК "Каспий"
    3
    2-7
    0
  • 11
    ФК «Окжетпес»
    4
    1-10
    0
Команды
И
М
О
  • 1
    ФК «Атырау»
    0
    0
    0
  • 2
    ФК «Актобе»
    0
    0
    0
  • 3
    ФК «Ақжайық»
    26
    45-21
    55
  • 4
    ФК «Алтай»
    26
    43-14
    53
  • 5
    Фк "Жетысу Б"
    26
    42-23
    42
  • 6
    ФК «Мактарал»
    26
    37-34
    41
  • 7
    ФК «Кайрат А»
    26
    49-36
    37
  • 8
    ФК «Байконур»
    26
    37-43
    37
  • 9
    Фк "Онтустик Академия"
    26
    28-38
    33
  • 10
    ФК «Кыран»
    26
    44-50
    27
  • 11
    ФК «Шахтер-Болат»
    26
    24-47
    23
  • 12
    ФК «Екибастуз»
    26
    22-42
    22
  • 13
    ФК "Астана Ж"
    26
    32-60
    22
  • 14
    Фк "Актобе жас"
    26
    11-72
    3
Команды
И
М
О
  • 1
    ФК «СДЮШОР 7»
    32
    76-30
    75
  • 2
    ФК "Арыс"
    32
    63-31
    67
  • 3
    ФК «Шахтер-U21»
    32
    64-32
    64
  • 4
    ФК «Тобол- U21»
    32
    67-46
    64
  • 5
    ФК «Ордабасы- U21»
    32
    67-40
    52
  • 6
    ФК «Жетису- U21»
    32
    60-48
    50
  • 7
    "Кыран U21"
    32
    59-58
    50
  • 8
    ФК «Тараз- U21»
    32
    43-35
    45
  • 9
    ФК "Алтай U21"
    32
    43-46
    45
  • 10
    ФК «Иртыш- U21»
    32
    54-51
    43
  • 11
    ФК «Академия Оңтүстік U21»
    32
    56-59
    38
  • 12
    «Окжетпес U21»
    32
    43-65
    36
  • 13
    ФК "Аксу"
    32
    47-63
    35
  • 14
    ФК "Кайсар U21"
    32
    34-69
    31
  • 15
    ФК «Актобе- U21»
    32
    53-69
    29
  • 16
    ФК «Атырау- U21»
    32
    41-60
    29
  • 17
    ФК «Рузаевка»
    32
    18-86
    8