Facebook VK YouTube Instagram
Kaysar football club

"Қайсар" түзде "Тараздан" басым түсті

  Тараздың көкмайса алаңында тартысты ойын Айдын Рахымбаевтың  ысқырығынан кейін басталды. Допты бағамдап көрген қызылордалықтар алғашқы шабуылды ұйымдастырып, "Тараз" жанкүйерлерінің зәре құтын қашырды. Асхат Тағыбергеннің бұрыштамадан асырған добын Куле Мбомбо қақпаға енгізе алмады. Мұнан кейін алаң иелері ес жиып, атойлап шабуылға шықты. Кездесудің  23-минутында  алаң қожайындары діттеген мақсатына жетті. Алма-кезек доп алмасу сәтінде қос қорғаушы Граф пен Морочкин қателікке бой алдырып, Серж Ньюадзиге гол соғуына мүмкіндік беріп қойды. Әдетте көп командалар өз қақпаларына гол жіберсе, футбол ойнауға мүмкіндігі болмай, аяқдопшылардың жүйкесі сыр беретін. Біздің ойлағынымыз да «Қайсар» футболшылары  сол күйге түспесе екен деп жабырқаулымыз. Бірақ... алаңда жерлестеріміз жасындай жарқылдады. Тіпті тараздықтар өз қақпа маңында жастана жатып, шабуылға шығуды ұмытқандай күй танытты.  Ойынның 42-минутында Иван Граф Асхаттың асырған пасын  сәтті орындап, «Тараз» жанкүйерлерін қапы қалдырды. Ойынның екінші бөлігі бір ғана команданың басымдығымен өтті деуге толық негіз бар. Шынайы көгалға бойын үйреткен  Младенов шәкірттері қауіпті шабуылдар ұйымдастыра білді. Кездесудің 76 минутында қарсыластар Карлитосқа қарсы тәртіп бұзып, төреші айып добын белгіледі. Асхат  нүктеден допты әріптестеріне асырды. Бұл сәтті Братислав Пуношевац голға айналдырып,  кездесудің нүктесін қойды. Есеп 1-2 Енді Стойчо шәкірттері 20 сәуірде өз алаңында "Ордабасыны" қабылдайды.
"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі
Жаңалықтар 15 сәуір 2019 г. 1 051

Келесі матч

02.10.2020 13-30
Алматы
Первая команда Вторая команда
"Қайсар" – "Оқжетпес"

Турнирлік кесте

  • «Қайсар»
  • «Байқоныр»
  • «Қайсар U-21»
Команды
И
М
О
  • 1
    ФК «Кайрат»
    9
    22-5
    24
  • 2
    ФК «Тобол»
    9
    12-10
    16
  • 3
    ФК «Астана»
    8
    14-8
    15
  • 4
    ФК «Ордабасы»
    10
    15-13
    14
  • 5
    ФК "Кайсар"
    8
    8-6
    14
  • 6
    ФК «Жетысу»
    8
    10-7
    13
  • 7
    ФК «Шахтер»
    8
    9-8
    12
  • 8
    ФК «Тараз»
    9
    11-12
    10
  • 9
    ФК «Кызылжар СК»
    8
    5-14
    7
  • 10
    ФК «Окжетпес»
    10
    7-19
    5
  • 11
    ФК "Каспий"
    9
    5-16
    4
Команды
И
М
О
  • 1
    ФК «Кыран»
    3
    6-0
    9
  • 2
    ФК "Арыс"
    3
    5-4
    6
  • 3
    ФК «Актобе»
    2
    5-0
    4
  • 4
    ФК «Алтай»
    2
    3-2
    3
  • 5
    ФК «Екибастуз»
    2
    3-3
    3
  • 6
    ФК «Мактарал»
    3
    2-6
    1
  • 7
    ФК «Байконур»
    3
    2-11
    0
Команды
И
М
О
  • 1
    ФК «СДЮШОР 7»
    32
    76-30
    75
  • 2
    ФК «Шахтер-U21»
    32
    64-32
    64
  • 3
    ФК «Тобол- U21»
    32
    67-46
    64
  • 4
    ФК «Ордабасы- U21»
    32
    67-40
    52
  • 5
    ФК «Жетису- U21»
    32
    60-48
    50
  • 6
    "Кыран U21"
    32
    59-58
    50
  • 7
    ФК «Тараз- U21»
    32
    43-35
    45
  • 8
    ФК "Алтай U21"
    32
    43-46
    45
  • 9
    ФК «Иртыш- U21»
    32
    54-51
    43
  • 10
    ФК «Академия Оңтүстік U21»
    32
    56-59
    38
  • 11
    «Окжетпес U21»
    32
    43-65
    36
  • 12
    ФК "Аксу"
    32
    47-63
    35
  • 13
    ФК "Кайсар U21"
    32
    34-69
    31
  • 14
    ФК «Актобе- U21»
    32
    53-69
    29
  • 15
    ФК «Атырау- U21»
    32
    41-60
    29
  • 16
    ФК «Рузаевка»
    32
    18-86
    8