Facebook VK YouTube Instagram
Kaysar football club

ФУТБОЛҒА ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕРЕК

Қуаныш Кемалұлы, «Байқоңыр» командасының қорғаушысы:

   Сыр елінде футбол мереке іспеттес. Допты ғажайып санайтын бразилиялық наным-сенімдер бізде де баршылық. Жыл өткен сайын аяқдопшылар қатары да көбейген. Қызылорданың қырандары Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының барлық тобында бақ сынайды. Мысалы, премьер-лигада – "Қайсар", бірінші лигада – "Байқоңыр", екінші лигада – "Қайсардың" жас өрендері доп тебеді. Төменгі лигада өнер көрсететін қос клубтың  мақсаты – бетке ұстар «Қайсарға» аяқдоп шеберлерін шыңдап шығару. Бұл істе "Байқоңырдың" еңбегін ерекше айтқанымыз жөн. Жергілікті футболышылардан құралған клубтың  өткен маусымдағы ойынына тәнті болдық.  Сол маусымда өзіндік ойын өрнегімен көзге түсіп үлгерген жас аяқдоп шеберінің бірі – Қуаныш Кемалұлы.  Келешегіне зор сеніммен қарайтын жас футболшының өзі жайында және алдағы мақсаттары жөнінде аз-кем әңгімеге тартқан едік.

 

– Қуаныш, әңгіменің әлқиссасын туған жер, өскен ортаңнан бастасақ.

– 1994 жылы Қызылорда қаласында қарапайым отбасында дүниеге келдім. Осында білім алып, ер жеттік.  Әкем – Кемал Есқұлов жастайынан футбол жанкүйері. Анам – Мереке Есқұлова «Казгидромет» мекемесінде қызмет атқарады. Төрт ағайындымыз. Ата-анам саналы азамат болсын деп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтыртпай өсірді. Спортта жүрсем де әрқашан қолдау көрсетіп,  сенім білдіріп келеді.  Сондықтан қос қанатымдай болған аяулы жандардың сенімін ақтап, футбол әлемінде өз қолтаңбамды қалдырғым келеді. 

– Байқауымызша, футболға келуіңе әкеңіздің ықпалы болған секілді.

– Әкемнің арманы – балаларын аяқдоп шебері етіп шығару. Қателеспесем,  2004 жылы ел біріншілігінің қызған шағында әкем жетектеп  футбол үйірмесіне қосты. 

–Алғашқы бапкерің кім болды?

– Үйірмеге келгенімде  білікті бапкер Ғалымжан Айжігітов өз шәкірттерінің қатарына қосты, үйреті. Таудай талабымды байқап, футбол әлеміне қанаттандырғаны үшін  Ғалымжан Пернебайұлына алғысым шексіз. 

– Кәсіби футболшы ретінде алаңға шыққан алғашқы ойының есіңде ме?

– Әрине,  үміт пен күдік арпалысқан алғашқы ойын естен кетпес.  2013 жылы «Қайсар» командасында ойнауға бапкерлер тарапынан  мүмкіндік алдым. 50 жыл тарихы бар клубта ойнау кез келген футболшыға бұйырмайтын бақ. Сондықтан бұл мен үшін үлкен құрмет болады. Негізі маусымашар ойыным «Екібастұзға» қарсы өтті. Сол себепті «келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» дегендей «Екібастұз» футбол клубы да өзіме ыстық көрінеді (күліп).

– Жаңа маусымдағы  қарсыластарыңның әлеуеті жөнінде не айтасың?

– Бірінші лигада бақ сынайтын клубтардың барлығы да оңай шағылар жаңғақ емес. Дегенмен арасында Премьер лига жолдамасына талас жүргізетін 3 клуб бар десем артық айтпағаным болар. Оралдың  "Ақжайығын" одан бөлек «Алтай» мен «Қызылжар» командаларының да негізгі мақсаты – жоғарғы лига жолдамасын алу. Сондықтан жаңа маусым тартысқа толы болмақ. 

– «Байқоңыр» командасының алдағы маусымға дайындығы қалай? 

– Жаңа маусымға дайындықты ерте бастап кеттік. Екі жиын өткіздік. Алдымен шымкент қаласында шеберлігімізді шыңдасақ. Бүгінде Ташкентте дайындықты үдетудеміз. Өзбекстанның клубтарымен жолдастық кездесу өткізіп, тәжірибені толықтырудамыз.  Бапкеріміз Ерлан Дарханұлының білігі мен білімін меңгерудеміз. Командамыз да тұрақтылық қалыптасқан. Бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Бастысы, футболға тұрақтылық керек. Сәтін салса, бірінші лига тартысында барымызды салып, жанкүйер қауымды қуантамыз.

Қазақ футболынан кімді үлгі  тұтасың?

– Әр адамның өзінің пір тұтатын тұлғасы болады. Бірақ мен мына ойыншыны пір тұтамын деп айта алмаймын. Дегенмен кейбір футболшылардың ойын мәнері ұнайтын тұстары болады. Мысалы, Дмитрий Шомко, Бауыржан Исламхан, Мақсат Байжанов, Серікжан Мұжықов тағы сол секілді футбол шеберлері.

– Армансыз адам болмайды. Алдағы мақсатың қандай?

– Арманым көп. Ең алдымен ата-анамның сенімін ақтасам деймін. Сондай-ақ, еліміздің беделді клубтарының бірінің ойыншысы болғанды армандаймын. Ұлттық құрамаға шақырту алып, ел намысын қорғасам, үлкен абырой ғой!


"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі
Жаңалықтар 26 наурыз 2019 г. 1 016

Келесі матч

02.10.2020 13-30
Алматы
Первая команда Вторая команда
"Қайсар" – "Оқжетпес"

Турнирлік кесте

  • «Қайсар»
  • «Байқоныр»
  • «Қайсар U-21»
Команды
И
М
О
  • 1
    ФК «Кайрат»
    9
    22-5
    24
  • 2
    ФК «Тобол»
    9
    12-10
    16
  • 3
    ФК «Астана»
    8
    14-8
    15
  • 4
    ФК «Ордабасы»
    10
    15-13
    14
  • 5
    ФК "Кайсар"
    8
    8-6
    14
  • 6
    ФК «Жетысу»
    8
    10-7
    13
  • 7
    ФК «Шахтер»
    8
    9-8
    12
  • 8
    ФК «Тараз»
    9
    11-12
    10
  • 9
    ФК «Кызылжар СК»
    8
    5-14
    7
  • 10
    ФК «Окжетпес»
    10
    7-19
    5
  • 11
    ФК "Каспий"
    9
    5-16
    4
Команды
И
М
О
  • 1
    ФК «Кыран»
    3
    6-0
    9
  • 2
    ФК "Арыс"
    3
    5-4
    6
  • 3
    ФК «Актобе»
    2
    5-0
    4
  • 4
    ФК «Алтай»
    2
    3-2
    3
  • 5
    ФК «Екибастуз»
    2
    3-3
    3
  • 6
    ФК «Мактарал»
    3
    2-6
    1
  • 7
    ФК «Байконур»
    3
    2-11
    0
Команды
И
М
О
  • 1
    ФК «СДЮШОР 7»
    32
    76-30
    75
  • 2
    ФК «Шахтер-U21»
    32
    64-32
    64
  • 3
    ФК «Тобол- U21»
    32
    67-46
    64
  • 4
    ФК «Ордабасы- U21»
    32
    67-40
    52
  • 5
    ФК «Жетису- U21»
    32
    60-48
    50
  • 6
    "Кыран U21"
    32
    59-58
    50
  • 7
    ФК «Тараз- U21»
    32
    43-35
    45
  • 8
    ФК "Алтай U21"
    32
    43-46
    45
  • 9
    ФК «Иртыш- U21»
    32
    54-51
    43
  • 10
    ФК «Академия Оңтүстік U21»
    32
    56-59
    38
  • 11
    «Окжетпес U21»
    32
    43-65
    36
  • 12
    ФК "Аксу"
    32
    47-63
    35
  • 13
    ФК "Кайсар U21"
    32
    34-69
    31
  • 14
    ФК «Актобе- U21»
    32
    53-69
    29
  • 15
    ФК «Атырау- U21»
    32
    41-60
    29
  • 16
    ФК «Рузаевка»
    32
    18-86
    8