Facebook VK YouTube Instagram
Kaysar football club

ҚАЙСАР" ЕУРОПА ЛИГАСЫНА ЖОЛДАМА АЛАДЫ

   Жанкүйерлердің пайымынша,  қысқы ауысымда "Қайсар" сапын толықтырған Тигран Барсегянды сәтті трансфер санайды. Расында,  Армения құрамасының шабуылшысынан  командасын алға сүйрейтін керемет қасиетті  байқадық. Барсегян Сыр еліне аяқ басқан сәтте сан сауалымызды жолдаған едік.

Тигран, әңгімені туып өскен ортаңнан бастасақ...

– 1993 жылы 22 қыркүйекте Ереван қаласында дүниеге келдім. Әкем кәсіби футболшы болған және Ливанда (Бейрут қаласында) доп тепкен. Мен дүниеге келгенде әкем стадионда футбол ойнап жүрген болуы керек. Кездесуден кейін үйге келіп, радионы қосса "Біз Ашотты (әкесінің есімі) ұлды болуымен құттықтаймыз" деген жаңалықты естиді. Телефон арқылы анама қоңырау шалып: "Ұлды болдым ба?" леген сауалына анам – иә деп жауап қатыпты. Кейіннен, бір айдан кейін Бейрут қаласына келдік. Осында 5 жыл тұрдық. Әкем жергілікті "Sugessy Homenmen-нің" намысын қорғады. Сонан соң Арменияға оралып, әкем бапкерлік қызметке кірісті. Қазірде осы саланың маманы. Әпкем бар. Отбасылы 1 жастағы ұлы бар. Туыстарымды қатты құрметтеймін. Бүгінде скайптың көмегімен сөйлесіп тұрамыз. Отбасылымын, Дегенмен әлі сәбилі болмадық.

– Футбол әлеміне қалай келдіңіз?

– Бейрут қаласында тұрғанымызда әкеммен бірге футбол алаңына еріп баратынмын. Футболшы отбасында дүниеге келгендіктен менде басқа таңдау болмады. Әдепкіде өзімнен екі есе үлкен доппен ойнай бастадым. Футболды қалай сүйгенімді осыдан байқай беріңіз. Арменияға оралғанымызда футболға жазылып, қалмай қатыстым,

– Мансабыңдағы алғашқы командаң қандай?

– Менің ең алғаш клубым "Малатия". Кейіннен бұл клубтың атауы "Бананц" деп өзгерді. Әкем сол команданың бас бапкері болды. 18 жасыма дейін осында ойнадым. Командада ойнай жүріп Арменияның жастар құрамасына шақырту алдым. Бірнеше себептермен клубтан кетуіме тура келді. Осыдан кейін отан алдындағы борышымды өтеуге аттандым. Әскерден оралған соң "Гандзасар" командасына қосылдым.

– Жалпы футболды қалай түсінесіз?

– Ең алдымен біз футболсыз өмір сүре алмаймыз. Бұл барлық кәсіби футболшының қағидасы. Біздің күнделікті ойлайтынымыз тек  футбол және жаттығу. Алаңдағы жан беріп, жан алысқан сәтімізді бағаламау мүмкін емес. Мұндай сәтті ақшаға да сатып алалмаймыз. Бұл дегеніңіз бөлек өмір. Тек маған ғана  тән қасиет емес барлық футболшыларға ортақ  деп ойлаймын.

– Есте қалған ерекше ойыныңыз бар шығар?

– Ең ерекшесі 2017 жылы өткен  "Вардар" мен "Фенербахче" арасындағы кездесу. Сол ойында біз 2-0 есебімен жеңдік және алғашқы голымды салдым. Кездесуде  салған голымды өмір бойы ұмытпаймын. Ойынға арнайы бутсыға тапсырыс беріп, Сол жағына "Вардардың" логотипын, оң жағына Арменияның туын салдырттым. Гол салған сәтте оң бутсымды қолыма алып, сүйгенім бар. Ойыннан алған әсеріді жеткізу мүмкін емес. Есіме алсам әлі де бойымнан қуаныш кернейді.

– Біздің ел жайлы не білесің?

– Армения құрамасымен Қазақстанға яғни Астанаға келгенмін. Астана өте әсем қала. Мұнда өте жақсы адамдар өмір сүретініне сол кезде көзім жеткен. Бұл жайында  достарым да айтқан. Қазақстанда достарым баршылық. Футбол ойнайтыны бар ойнамайтыны бар. Ұлттық тағамы етпен де таныспын. Дәмділігі соншалық достарыммен кездескенде дәм татып тұрамыз. 5 жылдан кейін Дубайдан кем болмайды деп ойлаймын.

– Ойынға қалай дайындаласыз?

– Ұйқыдан оянып, әдеттегідей таңғы асты ішіп, кино қараймын. Жұрт секілді телефонға үңіліп ойын ойнанқанды ұнатпаймын. Бос уақыт бола қалса әуен тыңдаймын, ән саламын. Жалпы менде көңіл күй әрдайым көтеріңкі болады. Ал ойын алдында жиналып жаттығу жасауға кірісемін.

– Байқасақ, әлеуметтік желіге тіркелмепсің. Не себепті?

– Достарыммен жиналғанда барлығы телефонға үңіліп, уақытын соған арнайды. Бұл бәлкім дұрыс емес. Бірде Прагаға жол түсті. Сонда бір мейрамxанада wi-fi кілт құпиясын сұрағанымда даяшы сауалыма бұлай жауап берді:  Бізде wi-fi қызметі мүлде жоқ. Өйткені мейрамxанаға келген адам телефонға қайта-қайта үңіліп, әңгімелесуге мүмкіндігі болмайды. Бетпе-бет сөйлескенге жетпейді. Әлеуметтік желі арқылы уақытымды босқа өткізгім келмейді

– Сүйікті ісің бар ма?

– Балық аулағанды өте жақсы көремін. Естуімше, Қызылордада балық аулайтын аймақтар көп секілді. Сондай-ақ  әуен тыңдағанды және кітап оқығанды ұнатамын. Қазіргі таңда "Монаx который продал свой Феррари" атты кітапты оқудамын. Сонымен қатар жақсы киноларды қарауды, отбасыммен серуендеуді ұнатамын

– Кездесуде гол салсаң кімге арнайсың?

– Гол салып жатсам әйеліме арнаймын. Сондай-ақ Алла Тағаллама осындай мүмкіндік бергеніне құрмет көрсетемін.

– Бірнеше елде доп тептіңіз.  Қанша тілді меңгергенсіз?

– Ана тілімнен бөлек ағылшын, орыс, македон, серб, болгар, xорват, словен тілдерін білемін.  Негізінде Балқан түбегіндегі тілдердің барлығы бір-біріне ұқсас. Тіл меңгергенді ұнатамын. Бүгінде испан және португал тілдерін үйреніп жүрмін. Себебі бразилиялықтардың көбі осы екі тілде сөйлейді.

– Тигранның пір тұтатын футболшысы бар шығар?!

– Бұрындары "Ювентусты" қатты жақсы көрдім. Құрамдағы Дель Пьероның ойын мәнері ұнайтын.  Қазіргі таңда Месси мен Неймардың ойындарына сүйсініп қараймын. Иә, Роналду керемет футболшы. Бірақ алдыңғы екеуі басымырақ.

– Бойыңдағы ерекше қасиетіңе тоқталсақ...

– Кез келген іске 100 пайыз атсалысамын. Бұл қағида әскерден кейін қалыптасты. Әскерде көп уақытыңды өз-өзіңе жұмыс істеумен өтеді. Шаршап тұрсам да әлсіз жерімді көрсетпеуге тырысамын.

– Футболшылар үшін ас-ауқаттың маңызы зор. Сүйікті тағамың қандай?

– Жай ғана қуырылған картоп. Бұл өзгеше жауап болуы мүмкін. Бірақ шындық.

– Мансабың аяқталған соң немен  айналысасың?

– Мүмкін бір жерде балықшы болатын шығармын(күліп). Шындығында мен мансабымды аяқтау жөнінде ойлаған емеспін. Бапкер немесе агент болуым мүмкін. Не болса да пешенеге жазылғанын көрерміз.

– Жанкүйерлерге айтар тілегің?

– Қызылордада керемет жанкүйерлер барына xабардармын. Жанкүйерлерге айтарым бізге әрдайым сенсеңіздер біз мақсатымызды толығымен орындауға тырысамыз. Биыл "Қайсар" маусым соңында тариxи сәтке ие болып, Еуропа лигасына жолдама алады. Неге алмасқа?  Мысалы, менде еурокубоктық бәсекелерден тәжірибем бар.  Осындай тәжірибені тек  клубтастарыма ғана емес, барлық қала тұрғындарына ұсынамын. Еуропалық футболдың Қызылордаға келуін қатты қалаймын. Мұндай сәтті алып келетінімізге толық сенімдімін. Сондықтан бізге әрқашан  жан тәнімен қолдау көрсетсеңіздер біз барлығын жасауға дайынбыз!

"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі
Жаңалықтар 08 наурыз 2019 г. 315

Келесі матч

17.09.2020 18-00
Шымкент
Первая команда Вторая команда
"Қайсар" – "Апоэл"

Турнирлік кесте

  • «Қайсар»
  • «Байқоныр»
  • «Қайсар U-21»
Команды
И
М
О
  • 1
    ФК «Кайрат»
    6
    16-3
    15
  • 2
    ФК «Астана»
    4
    10-3
    10
  • 3
    ФК "Кайсар"
    4
    4-1
    10
  • 4
    ФК «Ордабасы»
    6
    8-7
    10
  • 5
    ФК «Шахтер»
    5
    6-5
    9
  • 6
    ФК «Тобол»
    4
    6-4
    7
  • 7
    ФК «Тараз»
    4
    5-5
    5
  • 8
    ФК «Жетысу»
    5
    4-7
    4
  • 9
    ФК «Кызылжар СК»
    4
    4-8
    4
  • 10
    ФК "Каспий"
    5
    2-11
    0
  • 11
    ФК «Окжетпес»
    5
    1-12
    0
Команды
И
М
О
  • 1
    ФК «Атырау»
    0
    0
    0
  • 2
    ФК «Актобе»
    0
    0
    0
  • 3
    ФК «Ақжайық»
    26
    45-21
    55
  • 4
    ФК «Алтай»
    26
    43-14
    53
  • 5
    Фк "Жетысу Б"
    26
    42-23
    42
  • 6
    ФК «Мактарал»
    26
    37-34
    41
  • 7
    ФК «Кайрат А»
    26
    49-36
    37
  • 8
    ФК «Байконур»
    26
    37-43
    37
  • 9
    Фк "Онтустик Академия"
    26
    28-38
    33
  • 10
    ФК «Кыран»
    26
    44-50
    27
  • 11
    ФК «Шахтер-Болат»
    26
    24-47
    23
  • 12
    ФК «Екибастуз»
    26
    22-42
    22
  • 13
    ФК "Астана Ж"
    26
    32-60
    22
  • 14
    Фк "Актобе жас"
    26
    11-72
    3
Команды
И
М
О
  • 1
    ФК «СДЮШОР 7»
    32
    76-30
    75
  • 2
    ФК "Арыс"
    32
    63-31
    67
  • 3
    ФК «Шахтер-U21»
    32
    64-32
    64
  • 4
    ФК «Тобол- U21»
    32
    67-46
    64
  • 5
    ФК «Ордабасы- U21»
    32
    67-40
    52
  • 6
    ФК «Жетису- U21»
    32
    60-48
    50
  • 7
    "Кыран U21"
    32
    59-58
    50
  • 8
    ФК «Тараз- U21»
    32
    43-35
    45
  • 9
    ФК "Алтай U21"
    32
    43-46
    45
  • 10
    ФК «Иртыш- U21»
    32
    54-51
    43
  • 11
    ФК «Академия Оңтүстік U21»
    32
    56-59
    38
  • 12
    «Окжетпес U21»
    32
    43-65
    36
  • 13
    ФК "Аксу"
    32
    47-63
    35
  • 14
    ФК "Кайсар U21"
    32
    34-69
    31
  • 15
    ФК «Актобе- U21»
    32
    53-69
    29
  • 16
    ФК «Атырау- U21»
    32
    41-60
    29
  • 17
    ФК «Рузаевка»
    32
    18-86
    8