Facebook VK YouTube Instagram
Kaysar football club

Думан Нәрзілдаев: Командалық ойын көрсетеміз

  Өткен маусымда "Қайсардың" жарқын жеңісіне үлес қосқан Думан Нәрзілдаевпен суперкубок ойыны алдында тілдескен едік.


– Жаңа маусымға дайындық қалай өтті? «Қайсар» алдағы ойындарға дайын ба?


– Қаңтар айының 3-нен бастап Түркияда дайындық жұмыстарын жүргіздік. Әдеттегідей 2 оқу жаттығу жиын болды. Алғашқысы физикалық бағытта өтсе, екінші жиында тактикалық жаттығуларға көңіл бөлдік. Еуропалық командалармен жолдастық кездесу өткізіп, мол тәжірибе жинадық деп айта аламын. Осы дайындықтың нәтижесін алдағы ойындарда жұмсайтын боламыз.


– Маусымаралық үзілісте «дала қасқырларының» қатары бірнеше ойыншымен толықты. Команда оларды қалай қарсы алды? Жылдам бой үйретуге көмектестіңіздер ме?


– Команда құрамы 100 пайыз тұрақты болмайды. Маусым өткен сайын құрамға жаңа ойыншылармен толығу қалыпты жағдай. Биыл бірнеше футболшымен қатарымыз толықты. Көбісі ел чемпионатында өнер көрсеткен футболшылар. Сондықтан тіл табысу біз үшін қиынға соқпады. Бәріміз бір команданың намысын қорғағандықтан бір-бірімізбен жақсы қарым-қатынастамыз.


– 2019 жылғы Қазақстан Кубогының финалында «Атыраудың» қақпасына соққан голыңыз көптен күткен жүлдеге жеткізді. Тағы да жауапкершілікті өз қолыңызға алып, алдағы Суперкубок ойынында команданы өрге сүйреуге дайынсыз ба?


– Иә, өткен жылы біздің команда үшін керемет маусым болды. Өз команда жеңіс сыйлағаныма қуаныштымын. Қандай сәт болмасын «Қайсардың» жеңіске жетуіне барынша атсалысамыз. Команданың ойыны бір ойыншыға тәуелді емес деп ойлаймын. Сондықтан барлығымыз бірге жұмылып, жауапкершілікті бірге сезініп, жеңіске жетудің жолын қарастыруымыз тиіс. Алдағы суперкубок ойынында командалық ойын көрсетіп, жақсы нәтижемен аяқталуына күш саламыз.


 – Оқу-жаттығу жиындарында «Астананың» ойындарын қарай алдыңыз ба?


– Ғаламтордың көмегімен «Atlantic cup-тағы» ойындарының бейнеүзіндісін тамашаладым. Дегенмен толыққанды зерттеп, 90 минут бойы матчтарын көрдім деп айта алмаймын.


– Өткен маусымдағы «Қайсардың» сұрмергендері Тигран Барсегян мен Куле Мбомбо командадан кетіп қалды. Нәтижелі ойыншылардың жоқтығы командаға әсер етпейді ме?


– Тигран мен Куле біздің команданың жақсы ойнауына зор үлес қосты. Футболышылардың команда ауыстыруы қалыпты жағдай екенін тағы да айтамын. Бүгін бар футболшы ертең болмауы мүмкін. Сол себепті қатты сеніп қалуды қажет шамалы. Бүгінде командамызға жақсы футболшылар қосылды. Жаңа ойыншылар жоғарыда аталған футболшыларды жоқтатпайды деп ойлаймын.


– Суперкубок ойынында «Қайсардың» жеңіске жету мүмкіндігін қалай бағалайсыз? Жеңіске жету үшін негізгі фактор қандай болмақ?


– Қарсыласымыз өте мықты ұжым. Дегенмен жеңіс қай тарапқа бұйыратынын алаңдағы 90 минутқа қалдырсақ деймін. Жеңіске жету үшін 

барынша еңбек етеміз. Доп домалақ деген қағида бар емес пе? Сондықтан алдағы кездесуді кесіп айта алмаймын.


Жаңалықтар 27 ақпан 2020 г. 333

Келесі матч

00-00-2020 00-00
Кызылорда
Первая команда Вторая команда
"Қайсар" – "Тараз"

Турнирлік кесте

  • «Қайсар»
  • «Байқоныр»
  • «Қайсар U-21»
Команды
И
М
О
  • 1
    ФК «Кайрат»
    4
    10-2
    9
  • 2
    ФК «Астана»
    3
    8-3
    7
  • 3
    ФК «Тобол»
    3
    5-1
    7
  • 4
    ФК «Шахтер»
    3
    3-3
    6
  • 5
    ФК "Кайсар"
    2
    2-1
    4
  • 6
    ФК «Тараз»
    3
    5-5
    4
  • 7
    ФК «Ордабасы»
    4
    4-5
    4
  • 8
    ФК «Жетысу»
    3
    2-3
    4
  • 9
    ФК «Кызылжар СК»
    2
    3-5
    3
  • 10
    ФК "Каспий"
    3
    2-7
    0
  • 11
    ФК «Окжетпес»
    4
    1-10
    0
Команды
И
М
О
  • 1
    ФК «Атырау»
    0
    0
    0
  • 2
    ФК «Актобе»
    0
    0
    0
  • 3
    ФК «Ақжайық»
    26
    45-21
    55
  • 4
    ФК «Алтай»
    26
    43-14
    53
  • 5
    Фк "Жетысу Б"
    26
    42-23
    42
  • 6
    ФК «Мактарал»
    26
    37-34
    41
  • 7
    ФК «Кайрат А»
    26
    49-36
    37
  • 8
    ФК «Байконур»
    26
    37-43
    37
  • 9
    Фк "Онтустик Академия"
    26
    28-38
    33
  • 10
    ФК «Кыран»
    26
    44-50
    27
  • 11
    ФК «Шахтер-Болат»
    26
    24-47
    23
  • 12
    ФК «Екибастуз»
    26
    22-42
    22
  • 13
    ФК "Астана Ж"
    26
    32-60
    22
  • 14
    Фк "Актобе жас"
    26
    11-72
    3
Команды
И
М
О
  • 1
    ФК «СДЮШОР 7»
    32
    76-30
    75
  • 2
    ФК "Арыс"
    32
    63-31
    67
  • 3
    ФК «Шахтер-U21»
    32
    64-32
    64
  • 4
    ФК «Тобол- U21»
    32
    67-46
    64
  • 5
    ФК «Ордабасы- U21»
    32
    67-40
    52
  • 6
    ФК «Жетису- U21»
    32
    60-48
    50
  • 7
    "Кыран U21"
    32
    59-58
    50
  • 8
    ФК «Тараз- U21»
    32
    43-35
    45
  • 9
    ФК "Алтай U21"
    32
    43-46
    45
  • 10
    ФК «Иртыш- U21»
    32
    54-51
    43
  • 11
    ФК «Академия Оңтүстік U21»
    32
    56-59
    38
  • 12
    «Окжетпес U21»
    32
    43-65
    36
  • 13
    ФК "Аксу"
    32
    47-63
    35
  • 14
    ФК "Кайсар U21"
    32
    34-69
    31
  • 15
    ФК «Актобе- U21»
    32
    53-69
    29
  • 16
    ФК «Атырау- U21»
    32
    41-60
    29
  • 17
    ФК «Рузаевка»
    32
    18-86
    8