Facebook VK YouTube Instagram
Kaysar football club

"Қайсар" Қазақстан кубогының иегері

    6 қазан. Түс ауа Астана Арена стадионында Қазақстан кубогының финалы басталды. Ақтық сынға жолдама алған "Қайсар" мен "Атырау" текетіресін тамашалауға аренаға 5 мыңға жуық жанкүйер жиналды. Бас төреші Тимур Кумашевтың нұсқауынан кейін, финалдық ойын да басталды. Алғашқы шабуылды алаң иелері саналған "Қайсар" ұйымдастырды. Армениялық легионер Тигран Барсегян екі қорғаушыны сан соқтырып, қақпа нысанасын көздеді. Алайда Тигранның соққысын қақпашы Маркович киындықсыз тойтарды. Шыны керек, қос командада ақтық сынға жоғары дайындықпен келген. Оны алаңдағы шалт қимыл мен пас алмасудағы шеберліктен аңғаруға болады. Кездесудің алғашқы жартысында гол соғылмады. Бар үміт екенші таймда. Кездесудің екінші жартысы жоғары қарқынмен басталды. Алма-кезек шабуыл. Кенет 67 минутта "Атырау" ойламаған жерден есеп ашты. Петр Гжельчак қорғаушылардың бір ғана қателігін ұтымды пайдаланды. Есеп 0-1. 70 минутта команда капитаны Асхат Тағыберген жоқ жерден қызыл қағаз алып, "Қайсар" 10 ойыншымен алаңда қалды. Стойчо бапкер тактикаға өзгеріс енгізіп, құрамға бірнеше өзгерістер енгізді. Джошуаның орнына Букианы, Битангты Зеньковичпен алмастырды. Сексенінші минут сырғи бастағанда "Қайсар" тайлы тұяғымен шабуылға шықты. 87 минутта салы суға кеткен жанкүйерлердің жүзіне қуаныш келді. Игорь Зенькович Думанның пасын голға айналдырып, командасын жеңілістен құтқарып қалды. Финалдық ойынның кім мықтысы тоқсан минутта анықталмай, қосымша офертаймға ұласты. Футболшылар 120 минут бойы алаңда жан алысып, жан берісті. Негізгі уақыт аяқталып, төреші қосымша 4 минут қосты. Алаңда капитандық міндетті абыроймен арқалаған Думан Нәрзілдаев соңғы сәтте командасына жеңіс сыйлады. Думанның 25 метр қашықтықта тепкен добы қақпаның тоғыздығынан табылды. Осылайша, 20 жыл үзілген жеңіс қайта жалғасын тапты. Енді келер маусымда "Қайсар" Еуропа лигасында бақ сынайды


Жаңалықтар 08 қазан 2019 г. 645

Келесі матч

00-00-2020 00-00
Кызылорда
Первая команда Вторая команда
"Қайсар" – "Тараз"

Турнирлік кесте

  • «Қайсар»
  • «Байқоныр»
  • «Қайсар U-21»
Команды
И
М
О
  • 1
    ФК «Кайрат»
    4
    10-2
    9
  • 2
    ФК «Астана»
    3
    8-3
    7
  • 3
    ФК «Тобол»
    3
    5-1
    7
  • 4
    ФК «Шахтер»
    3
    3-3
    6
  • 5
    ФК "Кайсар"
    2
    2-1
    4
  • 6
    ФК «Тараз»
    3
    5-5
    4
  • 7
    ФК «Ордабасы»
    4
    4-5
    4
  • 8
    ФК «Жетысу»
    3
    2-3
    4
  • 9
    ФК «Кызылжар СК»
    2
    3-5
    3
  • 10
    ФК "Каспий"
    3
    2-7
    0
  • 11
    ФК «Окжетпес»
    4
    1-10
    0
Команды
И
М
О
  • 1
    ФК «Атырау»
    0
    0
    0
  • 2
    ФК «Актобе»
    0
    0
    0
  • 3
    ФК «Ақжайық»
    26
    45-21
    55
  • 4
    ФК «Алтай»
    26
    43-14
    53
  • 5
    Фк "Жетысу Б"
    26
    42-23
    42
  • 6
    ФК «Мактарал»
    26
    37-34
    41
  • 7
    ФК «Кайрат А»
    26
    49-36
    37
  • 8
    ФК «Байконур»
    26
    37-43
    37
  • 9
    Фк "Онтустик Академия"
    26
    28-38
    33
  • 10
    ФК «Кыран»
    26
    44-50
    27
  • 11
    ФК «Шахтер-Болат»
    26
    24-47
    23
  • 12
    ФК «Екибастуз»
    26
    22-42
    22
  • 13
    ФК "Астана Ж"
    26
    32-60
    22
  • 14
    Фк "Актобе жас"
    26
    11-72
    3
Команды
И
М
О
  • 1
    ФК «СДЮШОР 7»
    32
    76-30
    75
  • 2
    ФК "Арыс"
    32
    63-31
    67
  • 3
    ФК «Шахтер-U21»
    32
    64-32
    64
  • 4
    ФК «Тобол- U21»
    32
    67-46
    64
  • 5
    ФК «Ордабасы- U21»
    32
    67-40
    52
  • 6
    ФК «Жетису- U21»
    32
    60-48
    50
  • 7
    "Кыран U21"
    32
    59-58
    50
  • 8
    ФК «Тараз- U21»
    32
    43-35
    45
  • 9
    ФК "Алтай U21"
    32
    43-46
    45
  • 10
    ФК «Иртыш- U21»
    32
    54-51
    43
  • 11
    ФК «Академия Оңтүстік U21»
    32
    56-59
    38
  • 12
    «Окжетпес U21»
    32
    43-65
    36
  • 13
    ФК "Аксу"
    32
    47-63
    35
  • 14
    ФК "Кайсар U21"
    32
    34-69
    31
  • 15
    ФК «Актобе- U21»
    32
    53-69
    29
  • 16
    ФК «Атырау- U21»
    32
    41-60
    29
  • 17
    ФК «Рузаевка»
    32
    18-86
    8