» » » "Байқоңыр" – "Жетісу Б" 4-2!

"Байқоңыр" – "Жетісу Б" 4-2!

    Бүгін "Байқоңыр" бірінші лиганың 9 туры аясында "Жетісу Б" командасын қабылдады. Стадионға келген жанкүйерлер бұл ойында 6 голды тамашалады. Алдымен "Байқоңыр" командасы айып соққысынан керемет гол салды. Самат Балымбетовтың шірене тепкен добы қақпаның тоғыздығынан бір-ақ табылды.Кездесудің екінші бөлігі басталған шақта "Байқоңыр" қарымта шабуылдың нәтижесінде екі гол соқты. Өркен Махан мен Айбол Жахаевтың голдарынан кейін, алаң иелері босаңсып кеткендей күй танытты. Осы тұста қонақтардың ойыншылары Данияр Нұржұмаев пен Айбар Жақсылықов есепті бір голға дейін қысқартты. Кездесудің аяқталар шағында Санжар Батырханов жоқ жерден өз қақпасына доп соғып, алаң иелеріне 4 голды сыйға тартты. Қорытынды есеп 4-2!

"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі 


01 маусым 2019 ж. 121 0

Келесі матч

16.06.2019 18-00
Астана Арена
"Астана" – "Қайсар"