» » » "Байқоңыр" ұпайды уысынан шығарып алды

"Байқоңыр" ұпайды уысынан шығарып алды

   Бірінші лигада бақ сынайтын "Байқоңыр" түзде "Оңтүстік Академияға" жол берді. Ойын басталысымен Шойтымов шәкірттері қауіпті шабуыл ұйымдастырып, гол соқты. Команда капитаны Самат Балымбетов көзге түсіп, командасын алға шығарды. Дегенмен бұл голға алаң иелері екі доппен жауап қайтарып кездесудің 20 минутында алға шықты. Ойынның бірінші бөлігі аяқталар тұста Ерболат Серік қауіпті шабуылдың бірінде есепті теңестірді. Таблодағы тең есеп 78 минутта өзгеріске ұщырады. Алаң иелерінің шабуылшысы Алтынбек Дәулетxанов жеңіс голын соғып, командасына үш ұпай сыйлады. Қорытынды есеп 3-2!

"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі 


27 мамыр 2019 ж. 177 0

Келесі матч

16.06.2019 18-00
Астана Арена
"Астана" – "Қайсар"