» » » Ілияс Әмірсейтов: Алаң қолайсыз болды

Ілияс Әмірсейтов: Алаң қолайсыз болды

Ілияс Әмірсейтов:
   – Бір аптада екі ойын өткіздік. Бұл ойыншылар үшін қиын. Дегенмен екі ойында да барымызды салып, жеңіске жеттік. Премьер лигада ойнайтын командалардың қайсысы болмасын осал емес. "Таразды" оңай ұттық дей алмаймыз. Олар да барын салды. Шынайы алаңда бой үйренген. Сондықтан ойынның алғашқы бөлігінде жақсы ойнады. Газонның шамадан тыс ұзын болуына орай, пастарымыз сәтсіз шығып, доп иесіне жетпей орта жолдан бөгелді. Жалпы аздап болса да біз үшін алаң қолайсыз болды. Бізді қолдап келген жанкүйерлерге үлкен рахмет. Жанкүйерлер біз үшін 12 ойыншы.
"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі
15 сәуір 2019 ж. 85 0

Келесі матч

27.04.2019 15-00
Нұр-Сұлтан
Фк "Шахтер" – Фк "Қайсар"