» » » "Байқоңыр" алғашқы ойында қарсыласын жеңді

"Байқоңыр" алғашқы ойында қарсыласын жеңді

   БИІК-те оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан "Байқоңыр" командасы бүгін "Оңтүстік Академияның" жастар құрамымен шеберлік байқасты. Екі ұжым да алаңда сауатты ойнап, жеңіске жету жолында аянып қалмады. Тоқсан минуттық тартыста бір ғана доп басымдығымен "Байқоңырдың" мерейі үстем болды. Есеп 4-3. 
"Байқоңыр" сапынан Самат Балымбетов, Тұрарбек Қуанышбеков және екі мәрте Қуаныш Бектай қақпа нысанасын дәл көздеді. 
Ерлан Шойтымовтың шәкірттері келер кездесуін аталмыш команданың негізгі құрамымен жолығады.

"ҚАЙСАР "ФК баспасөз қызметі 

  
07 ақпан 2019 ж. 80 0

Келесі матч

27 мая 2018 г. 17:00
Стадион Пётра Атояна г. Уральск
ФК «Акжайык» - ФК «Кайсар»