kz ru
Facebook VK YouTube Instagram
Kaysar football club

Аңыз футболшы ардақталды

   Футболдық ғұмырын қызылордалық «Қайсарға» арнаған аңыз футболшы Әбіл Қалымбетов атындағы дәстүрлі турнир биыл қайта жалғасын тапты. VI мәрте жалауы желбіреген жарыстың ауқымы жыл өткен сайын арта түсуде. Биылғы доп додасына 14 команда қатысуға ниет білдіріпті. Облыстық командалармен қатар Атырау мен Шымкент қалалары да бәсі биік бәсекеге бағын сынауға келіпті. «Евразия» және «ПетроҚазақстан» спорт кешендерінде ұйымдастырылған аламанда жанкүйерлердің қарасы қалың болды.  Нағыз тартысты топтық кезеңде байқадық. Жан беріп, жан алысқан командалар жарыстың жартылай финалына жолдама алды. Топтық кезеңде «Қайсар» мен «Атырау» арасындағы кездесу жанкүйерлер үшін ең үздігі саналды. Өткен маусымның жеңімпазы саналған  атыраулықтар бұл жолы бір доп айырмасымен қарсыласына есе жіберді. Жартылай сында «Қайсар» «ПетроҚазақстанды» жолдан тайдырса, ардагерлер тарихтың тәмсіліне айналған «Сығанақты» сан соқтырды. Дегенмен қола үшін тартыста «Сығанақ» мықтылығын байқатты. Олар «ПетроҚазақстанды» 15-8 есебімен оңай еңсеріп, 100 мың теңгенің сертификатына ие болды. Ақтық сында «Қайсар» мен «Ардагер» өзара мықтыны анықтады. Кездесудің бірінші жартысында алғашқысы басым болса, екінші бөлігінде ардагерлер сәл ғана басымдықпен алға озды. Осылайша, биылғы бәсекенің биігіне «Ардагер» командасы көтеріліп, жарыстың бас бәйгесі 250 мың теңгенің сертификатын жеңіп алды. Күміс жүлдегер атанған «Қайсарға» 150 мың теңгенің сертификаты табысталды. Алаңда өзіндік ойын өрнегін қалыптастырған ойыншылар да марапаттан құр қалмады. Жарыстың «үздік қақпашысы» – Жаңабек Әлназаров (Қайсар), «үздік қорғаушы» – Ерлан Алтаев (Сығанақ), «үздік шабуылшы» – Әкімжан Әбдішев (ПетроҚазақстан), «сұрмерген» – Вакадир Вакиадия (Сығанақ), «үздік ойыншы» – Марат Есмұратов (Ардагер) танылды.    

Жаңалықтар 27 қаңтар 2019 г. 1 065

Келесі матч

24.11.2020 00-00
Алматы
Первая команда Вторая команда
"Астана"-"Кайсар"

Турнирлік кесте

  • «Қайсар»
  • «Байқоныр»
  • «Қайсар U-21»
Команды
И
М
О
  • 1
    ФК «Кайрат»
    19
    48-18
    45
  • 2
    ФК «Тобол»
    17
    22-15
    32
  • 3
    ФК «Астана»
    17
    26-19
    27
  • 4
    ФК «Ордабасы»
    18
    24-25
    27
  • 5
    ФК «Шахтер»
    17
    23-20
    26
  • 6
    ФК "Кайсар"
    18
    18-18
    24
  • 7
    ФК «Жетысу»
    17
    21-25
    22
  • 8
    ФК «Тараз»
    17
    18-20
    20
  • 9
    ФК «Кызылжар СК»
    17
    13-22
    19
  • 10
    ФК "Каспий"
    17
    13-26
    14
  • 11
    ФК «Окжетпес»
    18
    14-32
    11
Команды
И
М
О
  • 1
    ФК «Актобе»
    12
    23-4
    29
  • 2
    ФК "Арыс"
    12
    19-16
    21
  • 3
    ФК «Кыран»
    12
    15-10
    20
  • 4
    ФК «Мактарал»
    12
    15-16
    17
  • 5
    ФК «Байконур»
    12
    14-30
    10
  • 6
    ФК «Екибастуз»
    12
    14-16
    12
  • 7
    ФК «Алтай»
    12
    10-18
    9
Команды
И
М
О
  • 1
    ФК "Каспий U-21"
    2
    4-1
    6
  • 2
    ФК "Кайсар U21"
    2
    3-3
    3
  • 3
    ФК «Атырау- U21»
    2
    2-2
    3
  • 4
    ФК «Актобе- U21»
    2
    0-3
    0