» » » Қасқырлар түзде "Оқжетпесті" жеңді

Қасқырлар түзде "Оқжетпесті" жеңді

   Ел біріншілігінің екінші турында "Қайсар" "Оқжетпеске" қонаққа барды. Стойчо бапкер бұл ойында құрамға өзгеріс орнатты. Алғашқы турда алаңға шыққан Режиналдоның орнына бірінші минуттан Александр Колевке сенім артты. Жанкүйерлерсіз басталған матчта қонақтар сауатты ойнап, кездесудің 10-минутында есеп ашты. Ілияс Әмірсейтовтың қапталдан асырған добына шабуылшы Элгуджа Лобжанидзе бірінші жетіп, Абжанов қорғаған қақпадан саңылау тапты. Кездесудің екінші жартысында Карпович құрамдағы бар шабуылшыларын алаңға шығарғанымен қасқырлар қорғаныста сыр бермеді. Осылайша "Қайсар" кезекті жеңісіне жетіп, турнирлік кестеде 3-орынға жайғасты.

15 наурыз 2020 ж. 221 0

Келесі матч

15.03.2020 14-00
Кокшетау
Оқжетпес – Қайсар