» » » "Қайсар" маусымды жеңіспен бастады

"Қайсар" маусымды жеңіспен бастады

    Футболдан Ел бірінішілігінің алғашқы турында қызылордалық "Қайсар" өз алаңында "Ертісті" қабылдады. Биыл Еуропа лигасында өнер көрсететін қасқырлар құрамын бірнеше ойыншымен жаңартқан еді. Стойчо бапкердің шәкірттері кездесу басталысымен ойынды өз қолдарына алып, қонақ қақпаны нысанаға ала бастады. Ә дегеннен шабуылға шыққан қасқырлар 11 минутта есеп ашты. Асхат Тағыбергеннің айып алаңына асырған добына Иван Граф алғаш жетіп, әріптесі Элгуджаның гол соғуына мүмкіндік жасады. Гүржі елінің шабуылшысы мүмкіндікті мүлт жібермей командасын алға шығарды. Кездесудің екінші жартысында қонақтар 11 метрлік айып добын сәтті пайдалана алмады. Қақпаны күзеткен Марсель Исламқұлов пенальтиды қайтарып, "Қайсарға" жеңіс сыйлады.



"ҚАЙСАР" ФК БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
08 наурыз 2020 ж. 232 0

Келесі матч

15.03.2020 14-00
Кокшетау
Оқжетпес – Қайсар