» » » "Қайсар" таланттарды іздейді

"Қайсар" таланттарды іздейді

    "Қайсар" футбол орталығы ауылдағы таланттарды тасада қалдырмас үшін Арал қаласына барып, Сырдария, Байқоңыр, Қазалы, аудандандарының балғын футболшыларын бақылап, іріктеу өткізді. 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында өзара жолдастық кездесу өткізіп, бапкерлер орталыққа қажетті футболшыларды таңдап алды.
– "Қайсар" футбол орталығының әрбір тобы облысымыздың намысын қорғайтын болғандықтан біз аймақтан да футболшыларды іріктеуден өткізіп жатырмыз. Талантты футболшылар ауылдан да шығады. Сондықтан біз іс-сапарымызды алдағы уақытта да жалғастыратын боламыз, – деді орталықтың жаттықтырушысы Бекежан Жаңатаев.
Айта кетейік, бапкерлер қосыны алдағы уақытта Шиелі және Жаңақорған аудандарында іріктеу өткізеді.




24 ақпан 2020 ж. 246 0

Келесі матч

15.03.2020 14-00
Кокшетау
Оқжетпес – Қайсар