» » » "Қайсар" Олжас Акимовтың жаңа қызметіне табыс тіледі

"Қайсар" Олжас Акимовтың жаңа қызметіне табыс тіледі

  Бүгін "Қайсар" футбол клубы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарған Олжас Азатұлымен кездесіп, зор қошемет білдіріп, жаңа қызметіне табыс тіледі. Олжас Акимовтың тұсында "Қайсар" командасы премьер-лигада сәтті ойнап, қойылған міндетті мүлтіксіз орындады. Клуб 2017 жылы ел біріншілігінен 6-орынды иеленсе, 2018 жылы үздік бестікке енді. Өткен жылы 20 жылдан кейін Қазақстан кубогын жеңіп, Еуропа лигасына жолдама алды. Кездесу соңында клуб ұжымы Олжас Азатұлына естелікке "Қайсардың" 8 нөмірлі жейдесі табысталды.

20 ақпан 2020 ж. 185 0

Келесі матч

15.03.2020 14-00
Кокшетау
Оқжетпес – Қайсар