» » » Олжас Акимов балғын футболшыларға сәттілік тіледі

Олжас Акимов балғын футболшыларға сәттілік тіледі

   Бүгін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Азатұлы Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионның қосалқы алаңына келіп, «Қайсар» футбол орталығының 2003 жылы туған жасөспірім футболшылардың  жаттығуын тамашалады.  Шымкент қаласындағы «Көктем» турниріне дайындығын пысықтап жүрген өрендермен дидарласып, алдағы өтетін бәсекеге сәттілік тіледі.
–«Қайсар» футбол клубы өткен жылы Қазақстан кубогын жеңіп алғанын білесіздер. Осындай биік белесті болашақта бағындыруларыңыз керек. Бастысы, бас бапкердің қойылған талабы мен берген ілімін меңгерулерің қажет.  Асхат Тағыберген, Думан Нәрзілдаев секілді «Қайсардың» белді ойыншылары болуларыңа тілекшімін. Болашақта біздің команда легионерлердің көмегіне жүгінбеуі тиіс. Сондықтан жаттығуға мұқият көңіл бөліңіздер. Кәсіби футболшы болуға барлық жағдай қарастырылған. Мүмкіндігі мол футбол орталығында сапалы футболшы шығатынына сенімім жоғары. Шымкент қаласынан жоғары нәтижемен оралуларыңа сәттілік тілеймін, – деді Олжас Азатұлы
18 ақпан 2020 ж. 326 0

Келесі матч

15.03.2020 14-00
Кокшетау
Оқжетпес – Қайсар