» » » "Қайсар" 25 турда ұпай жоғалтты

"Қайсар" 25 турда ұпай жоғалтты

    Футболдан Қазақстан Премьер лигасының 25 туры "Қайсар" үшін сәтсіз аяқталды. Қасқырлар өз алаңында "Ақтөбе" командасын қабылдап 1-3 есебімен жол берді. Кездесудің 17 минутында қонақтар сәтті шабуыл ұйымдастырды. Асланбек Кәкімовтың асырған добына Абат Айымбетов бірінші жетіп, таблодағы есепті ашты. Арада аздаған минуттар өткеннен кейін "Қайсардың" қорғаушысы Александр Марочкин Асланбек Кәкімовке қарсы ойын тәртібін бұзып, төрешінің тарапынан қызыл қағаз көрсетіліп, алаңнан қуылды. 10 ойыншымен қалған алаң иелері аздап абдырап қалды. Ойынның екінші жартысында қонақтар тағы екі доп соқты. Қақпашы Александр Григоренконың қателігінен кейін Абат Айымбетов есепті еселесе, 78 минутта хет-трик атанды. Расымен "Қайсар" 10 ойыншымен қалса да шабуылсыз қалмады. Тинран Барсегиянның алыстан шірене тепкен қос соққысы қақпа бағанасынан кері серпілді. 84 минутта бұрыштамадан Тигран Барсегян гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Қорытынды есеп 1-3! 

"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі 

01 қыркүйек 2019 ж. 230 0

Келесі матч

15.09.2019 18-00
Шымкент
"Ордабасы" – "Қайсар"