» » » Облыс әкімі "Қайсардың" жаттығуын тамашалды

Облыс әкімі "Қайсардың" жаттығуын тамашалды

      Бүгін "Қайсар" командасының кешкі жаттығуына облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов арнайы келіп, футболшылардың жаттығу-жұмысын тамашалады. Еркін, ашық түрде өткен кездесу барысында облыс басшысы команданың премьер-лигадағы жетістігін атап өтіп, Қазақстан кубогының финалына шыққандары үшін алғысын білдірді. Облыстың футболды дамытуға байланысты жоспарларымен таныстырып, ойыншыларды биылғы маусым қорытындысы бойынша кубокты жеңіп алуға және чемпионатта жлғары орын алуға сәттілік тіледі. Команданың бас бапкері Стойчо Младенов пен капитан Мақсат БАйжанов әр ойында жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуанту үшін барын салатынын айтты. Айта кетейік, 6 шілдеде "Қайсар" Орталық стадионда "Шахтерді" қабылдайды.

"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі 


04 шілде 2019 ж. 264 0

Келесі матч

28.07.2019 19-00
Костанай
"Тобыл" – "Қайсар"