Новости

04апрель

Айбол Жахаев "Бас бапкер осы ойында ойнауыма мүмкіндік бергеніне қуаныштымын"

Бас бапкер осы ойында ойнауыма мүмкіндік бергеніне қуаныштымын. Бүгінгі ойын өте қызықты өтті, өкінішке орай жеңіске жете алмадық. Бүгінгі ойында барымызды салып, жақсы дайындықпен  келгенбіз. Командамыздың капитаны қызыл қағаз алып, ойынды 10   адаммен  ойнауға тура келді. Ойыннан кейін бас бапкер алғысын айтып мен сендер үшін қуаныштымын, ойынының соңына дейін бір отбасыдай жұмыла ойнадыңдар деді. Бізге қолдауға келген жанкүйерлерге мың алғыс. Енді бұл ойынды ұмытып алдағы ойындарға дайындалу керек. Бұл ойын бізге сабақ болды, осындай ойындарда шыңдалып, тәжірбие жинақтаймыз. Бас бапкер Стойчо Младенов пен жұмыс жасаған өте тамаша, жастарға өзін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл ойынды ұмытып, алдағы ойындарға көңіл бөлуіміз керек.

Добавить комментарий

Оставить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив