Новости

04апрель

"Иртыш"- "Кайсар" 3-2 (1-0)

Ойының басынан екі команданың құрамында алдынғы үш күн бұрын ойнаған ойынға қарағанда  өзгерек екені көрінді. Екі команданың бас бапкерлері алдыңғы ойындарда негізгі құрамда ойнамаған ойыншыларға сенім артқан және де негізгі құрамның ойыншыларына демалыс берген. Ойынның басынан алаң иелері ойын тізгінін қолына алды қос қапталдан алма кезек шабуыл жасап гол салатын біраз мүмкіндіктер жасады. Осы ойынның бірінші бөлігінде командамыздың қақпашысы Александр Григоренко жүз пайыз гол болатын  жерлерде өзінің мықты қақпашы екенін дәлелдеді. Ертіс командасының шабуылшысы Фонсека  тепкен допты әдемі қайтара білді. Бірақ ойының 31 минутында Ертіс командасының ойыншысы Исмаель Фонсека қақпашымызды қапыда қалдырып есеп ашып кетті. Ойынның бірінші бөлігі алма кезек шабуылдармен және де гол салатын мүмкіндіктерді пайдалана алмауымен есте қалды.

Ойынның екінші бөлігіне командамыздың ойыншылары жігерлене шығып ойынның барысын өздерінің қолына алу керек екенін, бас бапкердің сенімін ақтау керек екенін, жеңу үшін гол салу керек екенін түсінген футболшылар алма кезек шабуылдар мен стандартарға сенім артқан ойыншыларымыздың ойы 65 минутта жүзеге асты. Өз қақпа алаңында қолымен ойнаған Ертіс қорғаушысы Чернышовқа төреші сары қағаз көрсетіп 11 метрлік айып добын белгіледі. Думан Нәрзілдаев 11 метрлік айып добын шебер орындап, ойындағы есепті теңестірді. Ойынның 79 минутында сол жақ қапталдан Ертіс командасының қорғаушысы Руслан Есимовтың қателігін пайдалана білген Жамбыл Көкеев  командамыздың шабуылшысы Елжас Алтынбековтің аяғына  әдемі доп салып берді. Қақпашымен дара шыққан Елжас Ертіс қақпашысы Никита Калмыковты қапыда қалдырып кетті, есеп 1-2 Қайсар пайдасына. Осы голдан кейін алаң иелері шабуылдаумен болды. Ойының 82 минутында Ертіс ойыншысы Джедже баспен допты қақпаға ұрып есепті теңестіріп кетті.  Ойын аяғына дейін екі команда да гол сала алмады. Кубоктің регламенті бойынша екі команда негізгі уақытта тең ойнаса қосымша 15 минуттан екі тайм ойналады ал егер қосымша уақытта гол салынбаса екі команда 11 метрлік айып добын тебеді. Ойынның қосымша уақытында 110 минутта сол жақ қапталдан Илья Калининнің пасын әдемі пайдалана білген Родриго алаң иелерін есепте алға шығарып Кубоктің келесі кезеңіне командасын шығарып берді.

Иртыш – Кайсар 3:2 (1:0)

Голы: Фофана 31 (1:0), Нарзилдаев с пенальти 66 (1:1), Алтынбеков 79 (1:2), Джедже 82 (2:2), Родриго 110 (3:2)

Предупреждения: Чернышов 65, Кислицын 119 – Кукеев 30, Сахалбаев 63, Горячий 73, Жахаев 82, Сейтханов 87, Мулдаров 115, Алтаев 116

Удаления: Сахалбаев (второе предупреждение), Кукеев 120+3

Иртыш: Калмыков, Фонсека, Ткачук, Фофана (Джедже 46), Попов, Жумаскалиев (Гетериев 46, Родриго 69), Чернышов (к), Калинин, Кислицын, Есимов, Шабалин

Резерв: Капанов, Нганбе, Живкович, Двали, Смаилов, Воротников

Кайсар: Григоренко, Курьор (Сейтханов 86), Алтаев, Алтынбеков (Абду 120), Горячий, Кукеев (Рустемов 90), Мулдаров, Нарзилдаев, Сахалбаев (к), Чуреев, Жахаев

Резерв: Исламкулов, Кенесов, Толегенулы

Судьи: Алиев (Алматы), Кусаинов (Астана), Ходин (Атырау)

19 апреля. Павлодар. Стадион «Центральный». 6 000 зрителей

Добавить комментарий

Оставить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Календарь
«    Июнь 2017    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
Опрос